NeoChrom · KZ

Дайын шешімдер

Дайын шешімдер NeoCHROM

Неохром Азия биологиялық үлгілерді, отынды, еріткіштерді, майлар мен тоңмайларды талдауға арналған дайын газ-хроматографиялық шешімдерді ұсынады. Төмендегі тізімнен талдау бағытын таңдаңыз. Әдістемеңізге сай жинақтаманы келісуге және зертханада жабдықты іске қосуға көмектесеміз.

NeoCHROM IVD хроматографы
NeoCHROM IVD хроматографы — биологиялық үлгілердегі, соның ішінде қан, несеп, сілекей және тіндердегі заттарды сапалық және сандық газ-хроматографиялық талдауға арналған in vitro диагностика медициналық бұйымы. Жинақтамасына қарай медициналық, клиникалық-токсикологиялық және наркологиялық зертханаларда алкогольді, ұшпа органикалық қосылыстарды және басқа компоненттерді анықтау үшін қолданылады.
NeoCHROM IVD-MS хроматографы
NeoCHROM IVD-MS хроматографы - компоненттерді масс-спектрометриялық сәйкестендіру арқылы биологиялық үлгілердегі заттарды сапалық және сандық талдауға арналған in vitro диагностика газ хроматографы–масс-спектрометрі. Токсикология, наркология міндеттеріне, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттарды, олардың метаболиттерін және басқа органикалық қосылыстарды анықтауға бағытталған.
NeoCHROM-ALCO хроматографы
NeoCHROM-ALCO хроматографы - медициналық, клиникалық-токсикологиялық және наркологиялық зертханаларға арналған мамандандырылған IVD шешімі. Қан, несеп, сілекей және басқа биологиялық сұйықтықтардағы этанол мен өзге ұшпа органикалық қосылыстарды бу фазасын капиллярлық газ хроматографиясы әдісімен (Headspace) анықтауға арналған.
NeoCHROM-VOC хроматографы
NeoCHROM-VOC хроматографы лак-бояу өнімдеріндегі ұшпа органикалық қосылыстарды капиллярлық газ хроматографиясы әдісімен анықтауға арналған.
NeoCHROM-BioDIESEL хроматографы
NeoCHROM-BioDIESEL хроматографыбиодизельді кешенді зерттеуге арналған.
NeoCHROM-PIANO хроматографы
NeoCHROM-PIANO хроматографы бензиндердің, өнеркәсіптік еріткіштердің, скипидардың және дизель отынының компоненттік құрамын капиллярлық хроматография әдісімен анықтауға арналған.
NeoCHROM-STEROIDS хроматографы
NeoCHROM-STEROIDS хроматографы жоғары тиімді газ хроматографиясы әдісімен стероидтық профильді және қалқанша без гормондарын анықтау сияқты биохимиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
NeoCHROM-FAT хроматографы
NeoCHROM-FAT хроматографы майлар мен тоңмайларды кешенді зерттеуге арналған. Кешенді шешім жануар майларына өсімдік майының қосылуын анықтауға, сүт майының гидрогенделген өсімдік майларымен бұрмалануын анықтау үшін май қышқылдарының цис/транс изомерлерін, стеролдар мен балауыздардың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дайын шешімге сұрау жіберіңіз

NeoCHROM жеке кабинеті арқылы сұрау жасаңыз.

Шешімге сұрау жіберу

Әлеуметтік желілерде бізбен байланысыңыз
Тапсырма бар Байланысу